Орталық Азияны әлемге тым ұзақ уақыт бойы өткен тарихы, географиясы және сырттан берілген анықтамалар арқылы түсіндіріп келді. Moderniet басқа қырынан қарайды: бүгінгі күн мен болашақты қалыптастырып жатқан адамдарға назар аударады.

Бізді адамдар, мәдениет, технологиялар, қалалар, идеялар мен күнделікті өзгерістер қызықтырады. Өңір туралы өз үнімізді сақтай отырып, заманауи халықаралық тілмен әңгімелейміз.

Ұлттық код — декорация емес

Ол әр тақырыпта немесе визуалда көрінуі шарт емес. Ұлттық код кейіпкер таңдауда, қойылатын сұрақтарда, ырғақта, музыкада, жадыға деген қатынаста және қазіргі заманға өз көзімен қарай білуде тереңірек байқалады.

Moderniet Орталық Азиядан сөйлейді және жаһандық диалогке тең дәрежеде қатысады.

Бір күн тәртібі — екі редакция

Moderniet.kz қазақ тілінде жұмыс істейді. Moderniet.com сол күн тәртібін орыс, ағылшын, қытай және түрік тілдеріне бейімдейді.